Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі № 279 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі № 279 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):

«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:

«Бағдарламадан тыс» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 528-жолдың 2-бағанындағы «Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында 60 Гкал/сағат қазандығын салу» деген сөздер «Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:

09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:

231 «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» әкімшісі бойынша:

024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасында «Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында 60 Гкал/сағатына қазандығын салу» деген сөздер «Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 351-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанының 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту» (2007 жылғы 7 ақпандағы № 18-33/2007 ТЭН-ге «Мемсараптама» РМК-ның қорытындысы)»;

7-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку