Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылығы 27 наурыздағы № 242-III Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының  Заңы
 
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»
 Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) агрометеорологиялық мониторинг - жер бетіндегі агрометеорологиялық желі арқылы байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесі және ауыл шаруашылығы мүддесіне орай агрометеорологиялық болжаулар жасау;»;

«13-1) ғарыштық мониторинг - жердің пайдаланылуына байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінің жай-күйі мен өнімділігін бағалау және болжау үшін өңдеу;»;

2) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

«12-1) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өткізілген бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;»;

3) 11-баптың 2-тармағында:

3) тармақшадағы «, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру» деген сөздер алып тасталсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасының Үкіметі басым деп айқындаған дақылдар бойынша егістік жердің бір гектарына есептеп субсидия беру арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;»;

4) 15-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) агроөнеркәсіптік кешенді агрометеорологиялық және ғарыштық мониторинг деректерімен қамтамасыз ету;».

2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2007 жылғы  наурыздың 27-сі.

№ 242-III ҚРЗ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку