«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 наурыздағы № 302 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аэроғарыш қызметі саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін (бұдан әрі - Агенттік) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетін таратсын;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің таратылатын Аэроғарыш комитетінің штат санын құрылатын Агенттікке беруді қамтамасыз етсін;
3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Демо – версия документа