«Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 704 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 40 Бұйрығы (күші жойылды)
«Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 704 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 40 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы № 795 Бұйрығымен күші жойылды
«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 47-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі № 704 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің ережесінде:
3-тармақта:
3) тармақшадан кейінгі «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4), 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) хоспис - аурудың ақтық (соңғы) сатысында жазылмайтын сырқаттарға білікті стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйым;
5) медбикелік күтім жасау ауруханасы - егде және қартайған сырқаттарға, оның ішінде жазылмайтын патологиясы бар сырқаттарға стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйым.»;
мынадай мазмұндағы 18-22-тармақшалармен толықтырылсын:
«18. Хосписте медициналық көмекті ұйымдастыру дәрігердің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа