Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1997.15.08 № 1261 ҚАУЛЫСЫ

Жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөніндегі мекемелер мен
кәсiпорындарды «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі
Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі
агенттiгiнiң Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталықтары» мемлекеттік
кәсiпорны етiп қайта құру туралы Қазақстан Респуликасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1261 Қаулысы

 

Осы редакция 2007 ж. 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 168-құжат) мен "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 20 ақпандағы № 236 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 8, 56-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қол астындағы Жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөніндегі облыстық (қалалық) мекемелер мен кәсiпорындарды әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi филиалдары жүйесiмен қоса "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Жылжымайтын мүлiктер жөніндегі орталықтары" мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) болып қайта құрылсын.

2. Кәсiпорын Жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтар мен олармен мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы заңдардың шеңберiнде оның алдына қойылған негiзгi мiндеттердi жүзеге асыру мәселелерiнде мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiредi деп белгiленсiн.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку