Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 470ш Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 470ш Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бойынша:

көрсетілген қаулыға 38-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 16-жолының 5-бағанында «көлік құралдары» деген сөздерден кейін «, ұшақтардың тағайындалған қызмет мерзімін ұзарту жөніндегі қызмет» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку