(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.24.05. № 501 ҚАУЛЫСЫ
“Астана және Алматы қалаларында "жалғыз терезе"
қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 Қаулысы
(2005.08.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 5 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың iс-шараларын орындаудың желiлiк кестесiнiң 57.6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Астана және Алматы қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрi - орталықтар) "жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтердi көрсету ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі орталықтар қызметiн үйлестiрушi орган болып белгiленсiн.
Редакция документа
Демо – версия документа