Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 1230 Қаулысы (2007.11.03. берілген толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы
№ 1022 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 1230 Қаулысы

(2007.11.03. берілген толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 37, 487-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында (бұдан әрі - үлгі құрылым):

«1. Облыстық әкімдік» деген бөлімде:

мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

«17-1. Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті (басқармасы)».

2. Облыстардың әкімдері:

ҚР Үкіметінің 2007.11.03. № 176 Қаулысымен 1) тармақша толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1) бекітілген штат санының лимиті шегінде өз кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Көлік және коммуникация, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері:

1) облыстардың әкімдеріне үлгі құрылымға енгізілген толықтыруды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген департаменттердің (басқармалардың) ұсынылатын құрылымын жіберсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Д. Ахметов

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку