(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Осы редакция 2006 ж. 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.28.06. № 470а қаулысымен 72-1-72-12-қосымшалармен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
72-1 ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Туризм және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 234792 мың теңге (екі жүз отыз төрт миллион жеті жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы; «Қызмет телефондары және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар үшін электр жарығын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызметтерді қолданудың нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көліктік қызмет көрсетуге арналған қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының ішіндегі қызметтік іссапары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
Редакция документа
Демо – версия документа