(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) (ҮЗІНДІ)
2006 ж. 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 9-баптын редакциясы
ҚР 06.05.99 ж. № 378-1 Конституциялық заңымен 9-бап өзгертілді және толықтырылды
9-бап. Республика Президентінің Парламентке қатысты өкiлеттiгi
Республика Президентi:
1) Парламентке кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды;
2) Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды сақтай отырып, Сенаттың өкiлеттiк мерзiмiне Сенаттың жетi депутатын тағайындайды; Сенаттың тағайындалған мүшелерi өкiлеттiгiнен айырылған немесе олардың өкiлеттiгi тоқтатылған жағдайда он күн мерзiм iшiнде шығып қалғандардың орнына қалған мерзімге Сенат депутаттарын тағайындайды;
3) сайлау нәтижелерi жариялаған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады;
4) Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды;
5) Парламент сенатының Төрағасы лауазымына кандидатура ұсынады;
6) Парламент сессияларын ашады;
7) Парламент сессияларының аралығындағы кезеңде өз бастамасы бойынша, Палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша Палаталардың кезектен тыс бiрлескен отырысын шақыра алады, онда мәжілістi шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралуы мүмкiн;
Редакция документа
Демо – версия документа