-
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік
комитетiнiң Республикалық ақпараттық-техникалық орталығын
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік
комитетiнiң Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпараттама
және жағдайлық талдау жөніндегі республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорны етiп қайта құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң 1997 жылғы 30 қыркүйектегі № 1390 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат) сәйкес және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi органдарының құрылымын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Республикалық ақпараттық-техникалық орталығы қолданылып отырған қаржыландыру тәртібін 1997 жылдың аяғына дейiн сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, ақпараттама және жағдайлық талдау жөніндегі республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорыны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта құрылсын.
2. Мемлекеттік басқарудың өкiлеттi органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi қызметiн атқаратын орган болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi белгiленсiн.
3. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi болып мыналар белгiленсiн:
Редакция документа
Демо – версия документа