Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 1117 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 1117 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 265 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Мусин Аслан Есболайұлы енгізілсін;

 

"Мәсімов              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

Кәрім Қажымқанұлы       орынбасары - Қазақстан Республикасының

                        Экономика және бюджеттік жоспарлау

                        министрі, жетекшінің орынбасары"

 

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

 

"Мәсімов              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

Кәрім Қажымқанұлы       орынбасары, жетекшінің орынбасары".

 

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку