(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2006 ЖЫЛҒЫ 5 ШІЛДЕДЕГІ № 157-III ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы
Осы редакция 2006 ж. 16 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң мүлкін жария еткен азаматтар мен заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жекелеген қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершіліктен босату арқылы мемлекеттің мүлікті жария ету жөніндегі тек қана біржолғы акцияны жүргізуіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мүлікті жария ету - табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген не тиесілі емес тұлғаға ресімделген мүлікке құқықтарды мемлекеттің тану рәсімі;
2) мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі - жария ету субъектілері) - мүлкін осы Заңда белгіленген тәртіппен жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары;
3) мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) - жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылатын және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұратын, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген, Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы шешім шығаруға уәкілетті комиссия;
4) мүлікті жария еткені үшін алым - осы Заңда белгіленген, мүлікті жария етуді өткізгені үшін бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлем;
5) тиесілі емес тұлға - алған табыстарын жасыру мақсатында жария ету субъектісінің табыстарына сатып алынған мүліктің меншік иесі ретінде әрекет еткен тұлға.
Редакция документа
Демо – версия документа