Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2006.06.06 № 131 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Осы редакция 2006 ж. 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 40, 417-құжат):

1-қосымшада:

3-тармақтың 2) тармақшасында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі тұжырымдамасын,» деген сөздер алып тасталсын;

4-тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1), 3-1), 3-2), 8-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) елдің дамуындағы аса маңызды бағыттар бойынша стратегиялық құжаттардың мазмұнын қарау және бағалау;»;

«2-1) елеулі әлеуметтік-саяси, экономикалық, әскери, экологиялық және өзге де салдарлармен байланысты дағдарысты жағдайлардың алдын алу жөніндегі жедел шешімдерді, соның ішінде жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі ұсынымдарды дайындау;»;

«3-1) Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Әділет министрліктерінің, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бірінші басшылары лауазымына тағайындауға ұсынылатын кандидатураларды талқылау;

3-2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау;»;

«8-1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру;»;

3) тармақшада:

«үйлестіру» деген сөзден кейін «, талдау, мониторинг жасау» деген сөздермен толықтырылсын;

«құқық қорғау, орталық атқарушы» деген сөздер «мемлекеттік» деген сөзбен алмастырылсын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку