Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қзақстан Республикасы Үкметінің 2006 жылғы 26 қазандағы № 470в Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Қзақстан Республикасы Үкметінің 2006 жылғы 26 қазандағы № 470в Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 368-қосымшада:

«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің реттік нөмірі 1-жолының 5-бағанында «корпоративтік желімен басқару үшін серверлер,» деген сөздерден кейін «ведомство дерекқорының сервері үшін процессор мен жад,» деген сөздермен толықтырылсын;

«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақтың бірінші абзацында:

«корпоративтік желімен басқару үшін сервер - 1 бірлік,» деген сөздерден кейін «ведомство дерекқорының сервері үшін процессор мен жад 1 жиынтық,» деген сөздермен толықтырылсын;

«қолданушылардың жұмыс станциялары» деген сөздерден кейін «417» деген сандар «567» деген сандармен ауыстырылсын;

«іркілсіз жұмыс істеу көздері» деген сөздерден кейін «417» деген сандар «567» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку