Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 қыркүйектегі № 177 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдірудің
кейбір мәселелері туралы

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымын жетілдіру мақсатында қаулы етемін:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:

мәтіндегі «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің», «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне» деген сөздер тиісінше «бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган», «бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның», «бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен», «бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;

12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық шараларға және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді;»;

13-тармақта:

1) тармақшадағы «резиденттер мен резидент еместердің Қазақстан Республикасының аумағында валюталық құндылықтармен операцияларды» деген сөздер «резиденттер мен резидент еместердің Қазақстан Республикасының аумағында валюта операцияларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку