2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметі арасындағы Мұнай транзиті туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы хаттама (Астана қ., 2007 жылғы 30 наурызда)
2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметі арасындағы Мұнай транзиті туралы
келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы
ХАТТАМА
(Астана қ., 2007 жылғы 30 наурызда)
ҚР Үкіметінің 2006.30.09. № 950 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
мұнай транзиті саласында бұдан былайғы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге мүдделілікті ескере отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
1. 2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Мұнай транзиті туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 5-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ресей Федерациясының аумағы арқылы Қазақстан мұнайы транзитінің бағыттарын және оның көлемін Ресей Тарабының құзыретті органы Қазақстан Тарабын құзыретті органының өтінімдері негізінде жыл сайын белгілейді және олар белгіленген тәртіппен бекітілетін мұнай транзитінің кестесіне енгізіледі».
2. Келісімнің 7-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Тарабы қолда бар және құрылып жатқан магистральдық мұнай құбырлары жүйелерімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей мұнайының транзитін жүзеге асыру мүмкіндігін кепілді түрде береді.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей мұнайы транзитінің бағыттарын және оның көлемін Қазақстан Тарабының құзыретті органы Ресей Тарабын құзыретті органының өтінімдері негізінде жыл сайын белгілейді және белгіленген тәртіппен бекітілетін мұнай транзитінің кестесіне енгізіледі».
Демо – версия документа