Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.05.05. № 430 ҚАУЛЫСЫ

“Тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 мамырдағы № 430 Қаулысы

 

Осы редакция 2006 ж. 14 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Бәсекелестiк деңгейiн арттыру, тұтыну рыногында қолайлы жағдай жасау және халықтың күнделiктi сұраныс тауарларына қажеттілiгiн қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар, Көлiк және коммуникация, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау және Төтенше жағдайлар министрлiктерi екi апта мерзiмде:

"Атамекен" кәсiпкерлер мен жұмыс берушілердiң жалпыұлттық одағының, "Қазақстанның ұлттық тұтынушылар лигасы" қоғамдық қорының және басқа да салалық бiрлестiктердiң (келісім бойынша) қатысуымен жемiс-көкөнiс және ет өнiмдерiн халыққа тiкелей сату орындарына үздiксiз жеткiзудi және оларға оңайлатылған қол жетiмділiктi қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру iс-шараларын әзiрлесiн;

ағымдағы жылдың аяғына дейiн мұнай өнiмдерiне, газ бен электр энергиясына, темір жол көлiгiнiң қызметтерiне бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi 2005 жылғы 15 мамырға дейiнгi мерзiмде белгіленген тәртiппен:

кәсiпкерлердiң және тұтынушылардың (келісім бойынша) құқықтарын қорғау қоғамдық бiрлестiктерiнiң қатысуымен әрбiр әкiмшілiк-аумақтық бiрлiкте халыққа азық-түлiк тауарларын жеткiзу мәселелерi жөніндегі тұрақты жұмыс iстейтiн штабтар (комиссиялар) құрсын;

азық-түлiк рыноктарындағы баға құру процестерiне жергілiктi монополия құрылымдары мен делдал ұйымдардың терiс ықпал етуiн болдырмасын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку