(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 26.07.04 Ж. № 791 ҚАУЛЫСЫ
Акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар мен даму институттары
директорлар кеңестердiң құрамдары туралы мәселелер бойынша Қазақстан
Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 шілдедегі № 791
Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Шағын кәсiпкерліктi дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы директорларының кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысына:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
мынадай:
"Мисников Владимир Андреевич - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитетiнiң төрағасы, төраға;
Өзбеков Ғани Нұрмаханбетұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Смағұлов Болат Советұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға;
Қазыбаев Айдар Қалымтайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Шағын бизнестi қолдау жөнiндегі комитетінің төрағасы;";
2) "Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегi № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
1-тармақта:
мынадай:
"Әбiқаев Нұртай Әбiқайұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкімшілігінің Басшысы, төраға;
Iзмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;
Редакция документа
Демо – версия документа