(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР САЛЫҚ КОДЕКСІ (2001 Ж. 12 МАУСЫМ № 209-II)
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ
(Салық кодексі)
АНЫҚТАМА ПАРАҚ
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы:
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi (Салық кодексі)
2. Қол қойылған күнi:
2001 жылғы 12 маусымдағы
3. Жарияланған күнi:
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 168-құжат
4. Қолданысқа енгiзiлген күнi:
2002 жылғы 1 қаңтардағы
5. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы:
- Бөлiктер: 3
- Бөлiмдер: 20
- Тараулар: 113
- Баптар: 620
6. Қабылданғанға дейiн қолданылған нормативтiк құқықтық акт:
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 6, 43-құжат)
7. Нормативтiк құқықтық актiге енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар:
- «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексiн) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 210-ІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 11-12, 169-құжат; «Егемен Қазақстан» 2001 жылғы 20 маусым № 123-126);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік баж мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 наурыздағы № 310-ІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 6, 73-құжат; «Егемен Қазақстан» 2002 жылғы 27 наурыз № 67);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 наурыздағы № 312-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 6, 75-құжат; «Егемен Қазақстан» 2002 жылғы 27 наурыз № 67);
Редакция документа
Демо – версия документа