Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 228 және 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 235 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 5 қыркүйектегі № 843 қаулысы

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы
 № 228 және 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 235 қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы
5 қыркүйектегі № 843 қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

II «Шығындар» бөлімінде:

01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:

02 «Қаржылық қызмет» ішкі функциясында:

600 «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» әкімшісі бойынша:

001 «Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша:

001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасы бойынша «727974» деген сандар «1352260» деген сандармен ауыстырылсын;

009 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру» кіші бағдарламасы бойынша «678066» деген сандар «53780» деген сандармен ауыстырылсын.

2) «2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 368-1-қосымшада:

6-тармақ кестесінің 5-бағанында:

реттік нөмірі 2-жолдың бірінші абзацындағы «Үй-жайды жалдау ақысын төлеу.» деген сөздерден кейін «Әкімшілік ғимарат сатып алу.» деген сөздермен толықтырылсын;

реттік нөмірі 4-жолдағы «Кабинеттерді» деген сөз «Автокөлік, кабинеттерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 5-жолда:

«Ақпараттық жүйелерді» деген сөздер «Бағдарламалық өнімдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Мемлекеттік тілдегі құжаттармен жұмыс істеу үшін бағдарламалық өнімдер сатып алу, бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту. Агенттіктің жабдығы мен желілеріне, серверлік үй-жай жүйелерін, телекоммуникациялық және басқа да жабдықтарға техникалық және жүйелік қызмет көрсету. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бағдарламалық өнімдерді алу және сүйемелдеу» деген сөздер «Бағдарламалық өнімдер сатып алу» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Есептеу» деген сөз «Жүйелік және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу, есептеу» деген сөздермен ауыстырылсын;

«активті желілік» деген сөздер «перифериялық» деген сөздермен ауыстырылсын;

«қосалқы бөлшектер» деген сөздер алынып тасталсын;

«Жабдықты бөлшектеу/монтаждау бойынша қызметтер, жөндеу, жабдықты жеткізу бойынша ілеспе қызметтер алу» деген сөздер алынып тасталсын;

«және VPDN» деген сөздер алынып тасталсын;

«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақта:

бірінші абзацтағы «78» деген сандар «100» деген сандармен ауыстырылсын;

үшінші абзацта:

«9420» деген сандар «13522,6» деген сандармен ауыстырылсын;

«33» деген сандар «25,75» сандармен ауыстырылсын;

«366,5» деген сандар «285,87» сандармен ауыстырылсын;

«; Халықаралық консультативтік кеңестің қызметтеріне орташа ақы төлеу - 7937,5 мың теңге» деген сөздер алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку