Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1304 және 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2004 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 789 Қаулысы (2010.20.05. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1304 және
1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 2004 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 789 Қаулысы

(2010.20.05. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасы мен Азия және тынық мұхит инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі Жаңа-Дели іс-қимыл жоспары жөніндегі Ұлттық семинардың шеңберінде көлік инфрақұрылымдарын дамыту мен шекаралардан өтуді оңайлатудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1304 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азияның экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасының шеңберінде Көлік инфрақұрылымдарын дамыту және шекаралардан өтуді оңайлату жөніндегі жобалық жұмыс тобының қазақстандық бөлігінің құрамына мыналар енгізілсін:

 

Қасымбек                  - Қазақстан Республикасының Көлік және

Жеңіс Махмудұлы             коммуникация вице-министрі, жетекші;

 

Қабиева                   - Қазақстан Республикасы  Индустрия және

Дәмегүл Нәбиқызы            сауда министрлігінің Сауда саясатын

                            дамыту және Дүниежүзілік сауда ұйымына

                            кіру департаменті директорының

                            орынбасары;

 

Демесінов                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер

Алмабек Мәлікұлы            министрлігінің Халықаралық ұйымдар және

                            көп жақты ынтымақтастық департаментi

                            Біріккен Ұлттар Ұйымы бөлімінің бастығы

 

Бұтаев                    - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы

Құдайберді Мырзаханұлы      министрлігінің Фитосанитарлық

                            қауіпсіздік департаменті стратегия және

                            әдістеме бөлімінің бастығы;

 

көрсетілген құрамнан Әбілғазин Талғат Байтемірұлы, Боранғалиева Мәрзия Мұханбетрахымқызы, Қайыржанова Сәуле Абайқызы, Ахметов Асқар Әбдірашитұлы, Ерғалиева Ақгүл Күшбайқызы шығарылсын;

2) ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции