Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы № 792 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1586 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 тамыздағы
№ 792 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің  2008 ж. 31 желтоқсандағы  № 1325  қаулысымен күші жойылды  (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 45-46, 538-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспедегі «1997 жылғы 19 маусымдағы» деген сөздер «2006 жылғы 31 қаңтардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанында:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Мекен-жайы» деген жол алынып тасталсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку