Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» Қазқстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 746 Қаулысы (2011.06.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазқстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 746 Қаулысы

(2011.06.04. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 696 Қаулысымен күші жойылды

 

Ұлттық спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып белгіленсін:

Қазақстан Республикасының ұлттық спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесі саласындағы ағымдағы, ұзақ мерзімді, салааралық

бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының деректерін спутниктік беру желісін құру және пайдалану;

Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде деректерді беру қызметтерін ұсыну;

әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге және ақпаратты қорғаудың бірыңғай саясатын қамтамасыз етуге бағытталған тиімділігі жоғары ақпараттық технологияларды құру;

деректерді беру саласында ғылымды қажетсінетін технологияларды құру жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.

3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

Қоғамның жарғылық капиталын республикалық бюджет есебінен

1425000000 (бір миллиард төрт жүз жиырма бес миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағында көзделген мәселелерді реттеуге бағытталған қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

Қоғамның Жарғысын бекітсін және әділет органдарында оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне берсін;

осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірi

21-78-жолмен толықтырылсын:

«21-78. «Kazsatnet» ҰК» АҚ».

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 278-1-жолмен толықтырылсын:

«278-1. «Kazsatnet» ҰК» АҚ».

3. ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции