«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 3 шілдедегі № 157-Ө Бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мүгедекті оңалтудың
жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы»
2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 3 шілдедегі № 157-Ө Бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 132-ө бұйрығымен күші жойылды
Мүгедектерді оңалтуды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3317 тіркелген, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 3 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4075 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурыздағы № 42-43 (1022-1023) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
1-тармақта:
«2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «, Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта мынадай редакцияда жазылсын:
«3. ОЖБ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) медициналық ұйымдардың, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің, және оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлерін тарта отырып (қажет болған жағдайда) мүгедек куәландырылған күннен бастап бір айдың ішінде әзірлейді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа