Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЖОСЫҚСЫЗ БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ҚР 09.06.98 Ж. № 232-I ЗАҢЫ

Жосықсыз бәсеке туралы Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 9 маусымдағы № 232-I Заңы

(2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция  2006 ж. 7 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР 15.12.00 ж. № 125-II Заңымен тақырыбы және мәтініндегі сөздер ауыстырылды

Осы Заң жосықсыз бәсеке деп танылатын iс-әрекеттердi айқындайды, жосықсыз бәсекенi болғызбаудың және оның зардаптарын жоюдың тетiгiн, сондай-ақ жосықсыз бәсеке iс-әрекеттерi үшiн жауапкершiлiктi белгiлейдi.

ҚР 15.12.00 ж. № 125-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 1-бап өзгертілді

1-бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

беделiн түсiру - бәсекелесiне деген сенiмдi жоюға, оның беделiне, оның тауарларының, жұмыстары мен көрсететiн қызметтерiнiң беделiне нұқсан келтiруге, абыройын түсiруге бағытталып қасақана жасалған iс-әрекет;

бәсекелес (рынокта) - қызмет көлемiнiң өзгеруi нарықтық қатынастардың басқа субъектiсiнiң рыноктық үлесiнiң кемуiне немесе өсуiне әкеп соғатын нарықтық қатынастар субъектiсi:

контрафактық өнiм - нарықтық қатынастардың жекелеген субъектiлерiнiң жосықсыз бәсеке және тұтынушыларды адасушылыққа салу мақсатында шығарған өнiмi;

жосықсыз бәсеке - заңды тұлғаның және (немесе) жеке адамның, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының бәсекенi жою немесе шектеу арқылы кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген iс-әрекетi (әрекетсiздiгi);

келісім - тараптардың бәсекенi шектеуге немесе жоюға, кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға бағытталған (тiк, көлбеу немесе аралас) кез келген шарттық қатынасы;

нарықтық қатынастардың субъектiсi - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын және тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет айналымына қатысушы болатын заңды немесе жеке тұлға;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку