Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне толықтырулар енгізу туралы 2006 жылғы 5 шілдедегі № 162-III Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж. № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) 9-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен айқындалатын халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға;»;

2) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) жеке тұрғын үй құрлысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережелерін бекіту;».

2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 5-і.

№ 162-III ҚРЗ

Укажите название закладки

Создать новую папку