(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 26.01.02 Ж. № 127 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері
жөніндегі комитетінің "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын
мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік
кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 26 қаңтардағы № 127 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 06.10.04 ж. № 1029 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 16 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкіметінің 06.10.04 ж. № 1029 қаулысымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес кәсіпорындары жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Құрылысконсалтинг" ұлттық орталығы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қоғамның жарғысын бекітсін;
2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
ҚР Үкіметінің 06.10.04 ж. № 1029 қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) оның жарғылық капиталының 51 пайызы мөлшерiндегi Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiнiң бiр бөлiгiн сатуды жүзеге асыру;
4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Тоқаев Қ. |
Редакция документа
Демо – версия документа