Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 22 шілдедегі № 1148 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 514 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 22 шілдедегі
№ 1148 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 514 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 шілдедегі № 1148 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

3-тармақта:

екінші абзац «уран мен оның құрамаларын» деген сөздерден кейін «сирек кездесетін металдарды» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:

«сирек кездесетін металдардың экспортын және импортын;

уранды, оның құрамаларын және сирек кездесетін металдарды өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын барлауды және өндіруді;».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку