Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 353 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы
№ 214 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 мамырдағы № 353 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері штат санының лимиттерінде:

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген 10-бөлімнің 3-бағанында «оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер» деген жолдағы «13 926» деген сандар «12 226» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку