Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 324 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы
№ 1158 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 324 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысынамен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы № 1158 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 37, 390-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудің ережесінде:

29-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Сондай-ақ конкурстық комиссия, егер конкурстық құжаттама талаптарына жауап беретін екіден кем конкурстық өтінім ұсынылса, конкурсты өткізілмеді деп таниды.;

39-тармақ алынып тасталсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку