Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 164 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы» бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 218 Бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2003 жылғы
2 сәуірдегі № 164 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру туралы»
бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 218 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 202 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қазандағы № 294-ө «Қазақстан Республикасының «Ауыл аумақтарын және агроөндірістік кешенінің дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Заңын іске асыру туралы» өкіміне сәйкес, бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі № 164 «Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру туралы» (2003 жылғы 25 сәуірдегі № 2247 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген, 2003 жылы 29 қарашада № 48 (153) «Официальная газета» газетінде жарияланған); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 26 қаңтарындағы № 85 бұйрығымен өзгерістер енгізілген (3434 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген) бұйрығына келесі толықтырулар және өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне:
1-тармақтағы "мақсатында" деген сөзден кейін "және ауылдық (поселкалық) округтарда (қалаларда) ауыл шаруашылық жануарларына есеп жүргізу" деген сөздермен толықтырылсын;
5 және 6 тармақтар мынадай мағынада жазылсын:
5. Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша кешенді шаралар жоспарын аудандық (облыстық дәрежедегі қалалар) жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) дайындайды, сондай-ақ ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша компьютерлік мәліметтер базасын жасау және аудандық (облыстық дәрежедегі қалалар) және ауылдық (селолық) округтерге кодтарды бекіту.
Документ утратил силу
Демо – версия документа