Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 192 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 20 наурыздағы № 192 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдерінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы № 1305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 48, 437-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиядағы Қазақстан Республикасы Yкіметі өкілдерінің құрамына мыналар енгізілсін:

 

Мәсімов Кәрім

Қажымқанұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрінің орынбасары, төраға

 

 

Палымбетов Болат

Әбілқасымұлы

- Қазақстан Республикасының Экономика

және бюджеттік жоспарлау вице-

министрі;

 

 

көрсетілген құрамнан Есімов Ахметжан Смағұлұлы, Исаев Батырхан Арысбекұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку