«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкілерінде касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық банк басқармасы 1999 жылғы 15 қарашадағы № 394 қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкілерінде касса
операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының
Ұлттық банк басқармасы 1999 жылғы 15 қарашадағы № 394 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында касса операцияларын және қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде касса операцияларын жүргізу ережесі бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде касса операцияларын жүргізу ережесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізген күннен баптап он күндік мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің касса операцияларын жүргізу ережесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына жіберсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.3.Нәлібаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банк басқармасының
1999 жылғы 15 қараша № 394
қаулысымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ
БАНКТЕРІНДЕ КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖYРГІЗУ ЕРЕЖЕСІ
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-ТАРАУ. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДІҢ
КАССА ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Документ утратил силу
Демо – версия документа