1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы келісімге 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама (2006 ж. 25 қаңтар)
1998 жылғы 6 шілдедегі Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған
егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізi солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы
келісімге Хаттамаға өзгеріс енгізу туралы
ХАТТАМА
(Санкт-Петербург қ. 2006 ж. 25 қаңтар)
ҚР 2006 жылғы 13 жетоқсандағы № 205-III Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы,
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан «Құрманғазы» (»Құлалы»), «Центральная» геологиялық құрылымдарының және «Хвалынское» кен орнының көмірсутек ресурстарын бірлесіп игерудегі өзара мүдделілікті ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1. 1998 жылғы 6 шілдедегі Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы келісімге 2002 жылғы 13 мамырда қол қойылған Хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама), 6-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа