Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 9 шiлдедегi № 278-1 Заңы

(2006.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2006 ж. 31 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен кіріспе өзгертілді

Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.

I тарау. Жалпы ережелер

ҚР 14.12.01 ж. № 269-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредитациялау - белгiленген біліктiлiк талаптарына сәйкес келетiн заңды тұлғалардың асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын анықтау бойынша қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға құқылы болуын стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның ресми тануы;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) аттестат - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы беретiн, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiң тануын куәландыратын құжат;

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3) аттестаттау - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында субъектілерді мерзімді жүргізілетін комиссиялық бағалау;

4) бағалау - малдың асыл тұқымдық құндылығының деңгейiн тиiстi сынып бере отырып, оларды белгiлер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiк сапасы, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау арқылы анықтау;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку