«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 156 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу
ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 156 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 Қаулысымен 2020 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасында кассалық, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» ресми басылымдарында 2003 жылғы 24 сәуір - 3 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауындағы және 1-тармақтағы «касса операцияларын» деген сөздер «касса, сейф операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «және Ереже» және «және осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесінің» деген сөздер алынып тасталсын;
1) тармақшадағы «және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін» деген сөздер алынып тасталсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа