(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2004.25.10. № 304 ҚАУЛЫСЫ
Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері
бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының
2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 9 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуына келісім беру және бас тарту жөніндегі Ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 31-қаңтардағы № 15 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1073 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 13-26 науырызда № 6 (176) жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20-сәуірдегі № 107 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1533 тіркелген), 2002 жылғы 26-қарашадағы № 470 қаулыларымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2112 тіркелген), бекітілген өзгерістер мен толықтырулары бар):
аталған қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуына келісім және бас тарту беру жөніндегі Ережеде:
12-тармақта:
Редакция документа
Демо – версия документа