(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 13 НАУРЫЗДАҒЫ № 241 ҚАУЛЫСЫ
Көшi-қонға бақылау жасауды күшейту жөніндегі кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 наурыздағы № 241 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 13 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Халықтың көшi-қон туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 21-бабына сәйкес, шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiн және онда болуын бақылауды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 4, 55-құжат, № 27, 320-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртібінде:
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Қазақстан Республикасына келу кезiнде 16 жасқа толған әрбiр шетелдiк азаматқа көшi-қон карточкасы беріледi.
Көшi-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан кету кезiнде тапсырылуы тиiс.
Көшi-қон карточкалары:
паспорттары Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінде және оның өкiлдiктерiнде тiркелетiн адамдарға;
Қазақстан Республикасының визасы бар адамдарға;
әуе, теңiз және өзен кемелерi экипаждарының мүшелерiне;
поезд, оның iшiнде рефрижератор, локомотив бригадаларының жұмыскерлерiне және темір жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердi бiрге алып жүретiн адамдарға;
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн поездардың жолаушыларына;
халықаралық автотасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне берiлмейдi.
Көшi-қон карточкасын беру ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген органдар айқындайды.";
Редакция документа
Демо – версия документа