(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЗАҢЫ 2000 Ж. 5 ШІЛДЕ № 78-ІІ
Қаржы лизингі туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі № 78-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы
(10.07.03 ж. № 483-II; 10.03.04 ж. № 532-II
ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы ред. қара
Осы Заң қаржы лизингi процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және лизинг қызметi негiзiнде инвестициялар тартуға бағытталған.
1-бап. Қаржы лизингiн құқықтық реттеу
1. Қаржы лизингi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, Азаматтық кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінiң нормаларынан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының қаржы лизингi туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
ҚР 10.03.04 ж. № 532-II Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
2-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылған:
қаржы лизингi (бұдан әрi - лизинг) - лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және лизинг шартымен келісілген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтiң түрi. Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру мына талаптардың бiрiне немесе бiрнешеуiне сай келуге тиiс:
1) лизинг нысанасын лизинг алушының меншiгіне беру және (немесе) лизинг алушыға тiркелген баға бойынша лизинг нысанасын сатып алу құқығын беру лизинг шартымен айқындалады;
2) лизинг мерзiмi лизинг нысанасының пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң 75 процентiнен асады;
3) лизинг төлемдерiнiң лизингтің бүкiл мерзiмi ішіндегі ағымдық (дисконтталған) құны лизингтiң берiлген нысанасы құнының 90 процентiнен асады;
Редакция документа
Демо – версия документа