Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 1286 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 1286 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 6, 58-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:

4-1-тарауда:

56-6-тармақтың 1) тармақшасында:

бесінші абзац "техникалық қызмет көрсету" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ дауыс беруге арналған мүкәммалды сатып алу және дайындау" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:

"компьютерлер мен ұйымдастыру техникасына шығыс материалдарын сатып алу;

теледидарда әлеуметтану сұраунама, сондай-ақ саяси пікірталастар өткізу;

сайлауды ұйымдастыру және еткізу жөнінде оқу мен семинарлар өткізу;

бейне және дыбыс роликтерді, оқу фильмдерін дайындау, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку