Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЕҢ ТӨМЕН КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ 16.11.99 Ж. ҚР ЗАҢЫ

Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы
1999 жылғы 16 қарашадағы № 474-I
Қазақстан Республикасының Заңы

 

Осы редакция  2005 ж. 15 желтоқсандағы  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы ең төмен күнкөрiс деңгейiн анықтау және пайдалану үшiн құқықтық негiз белгiлейдi.

 

1-бап. Ең төмен күнкөрiс деңгейi

1. Ең төмен күнкөрiс деңгейi - мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс.

2. Ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң мөлшерiн статистика жөніндегі уәкiлеттi орган мен еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган ең қажеттi азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгiленген үлесi қосылған ең төмен азық-түлiк себетiнiң құнын негiзге ала отырып есептеп шығарады.

3. Ең төмен күнкөрiс деңгейi республика бойынша және аймақ бойынша орта есеппен:

1) жан басына;

2) халықтың жыныстық-жас топтары бойынша тоқсан сайын есептеп шығарылады.

2-бап. Ең төмен тұтыну себетi

1. Ең төмен тұтыну себетi тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң заттай және құн түріндегі ең төмен жиынтығы болып табылады.

2. Ең төмен тұтыну себетi:

1) азық-түлiк себетiнен;

2) азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығындардан тұрады.

3. Азық-түлiк себетiн статистика жөніндегі уәкiлеттi орган денсаулық сақтау жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлейтiн тамақ өнiмдерiн тұтынудың ғылыми негiзделген физиологиялық нормалары бойынша есептеп шығарады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку