(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.03.03. № 201 ҚАУЛЫСЫ
“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен қаражат бөлу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 наурыздағы № 201 Қаулысы
(2005.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2005 ж. 9 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.05.12. № 1198 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң қарамағына берiлген қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасының периметрiнен 30 метрдегі аумақтан, сондай-ақ "Жібек жолы" халықаралық өткізу пунктінің ауданындағы 100 метрге дейінгі аумақтан Қазақстан Республикасы азаматтарының көшiрiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Оңтүстiк Қазақстан облысының әкіміне 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен 1239821331 (бiр миллиард екі жүз отыз тоғыз миллион сегiз жүз жиырма бiр мың үш жүз отыз бiр) теңге бөлiнсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.05.12. № 1198 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа