(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БЮДЖЕТ КОДЕКСІ (2004 Ж. 24 СӘУІР № 548-II)
Осы редакция 2005 ж. 22 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
7-тарау. Түсімдерді бюджеттер деңгейлері арасында бөлу
46-бап. Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер
1. Республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер:
1) корпорациялық табыс салығы;
2) қосылған құнға салынатын салық, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 4) тармақша өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді )
4) шикi мұнайға, газ конденсатына акциздер;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді )
5) экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді )
6) үстеме пайдаға салынатын салық;
7) бонустар;
8) роялти;
9) Қазақстан Республикасының жасалған келісім-шарттар бойынша өнiмдi бөлу жөніндегі үлесi;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді )
9-1) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi;
10) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алынатын алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;
11) телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алым;
12) теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттік тiркеу үшiн алынатын алым;
ҚР 22.10.04 ж. № 601-II Заңымен 46-баптың 1-тармағы 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшiн алынатын алым;
13) дәрiлiк заттарды мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым;
Редакция документа
Демо – версия документа