БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ
«Дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика
мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен
медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Нұсқаулық»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт
министрлігі Денсаулық сақтау комитеті 1999 жылғы 10 мамырдағы № 238 Бұйрығы
Осы редакция 2005 ж. 23 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Осы нұсқаулықта қолданылған негізгi ұғымдар мен қысқартулар
Дәрiлiк заттар (емдiк препараттар) - ерекше фармакологиялық белсендiлiгi бар шығу тұрғысы әр түрлi (өсiмдiк, мал, синтетикалық, минералдық, биотехнологиялық және басқа) заттар және осы заттардың сырқаттардың профилактикасына, диагностикасы мен оларды емдеу үшiн қолданылатын емдiк нысандары.
Дәрiлiк заттарға адамның тәнi iшiнде немесе адамның тәнiнде уақытша немесе ұзақ уақыт бойы болуға арналған дәрiлiк заттардың, заттар мен материалдардың құрамдас бөлiгi болып табылатын заттар, олардың емдiк нысандары, сондай-ақ сырқаттардың диагностикасы, профилактикасы, емi мақсатында қолданылатын емдiк-профилактикалық азық-түлiк өнiмдерi, тамақ қоспалары, бұйымдар, қондырғылар, аспаптар теңестiрiледi ("Дәрiлiк заттар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 қарашадағы № 2655 Жарлығы).
Дәрiхана ұйымдары - дәрiханалар, дәрiхана қоймалары, дәрiхана пункттерi, дәрiхана киоскiлерi ("Дәрілiк заттар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 23 қарашадағы № 2655 Жарлығы).
Фармацевтика кәсiпорындары - фармацевтика фабрикалары, зауыттар мен цехтар (дәрiлiк заттарды қайта өңдеу, орау және сақтау орындары).
Дәрілiк нысан - ағзаға қолдану мен енгізуге қолайлы нысанға келтiрiлген түрлi агрегаттық жай-күйi, консистенциясы мен физикалық-химиялық қасиеттерi бар дәрiлiк, қосалқы және реттеушi заттар жиынтығы.
Нормативтiк құжат - фармакопея жинақтарын, техникалық шарттарды, ерекшелендiрудi, санитарлық ережелер мен нормаларды қамтитын стандарттар, ережелер мен нормалар.
Редакция документа
Демо – версия документа