Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 қарашадағы № 1122 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 және
2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 қарашадағы № 1122 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:

1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

II "Шығындар" бөлiмiнде:

01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" функционалдық тобында:

606 "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi" әкiмшiсi бойынша:

001 "Статистика саласындағы уәкілетті органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында:

001 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасындағы "209876" деген сандар "180972" деген сандармен ауыстырылсын;

017 "Ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасындағы "84289" деген сандар "113193" деген сандармен ауыстырылсын;

2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысында:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі бойынша:

көрсетілген қаулыға 372-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:

реттiк нөмiрi 2-жолда:

"ҚР Статистика агенттiгiн саны 56 штаттық бiрлiк көлемiнде Астана қаласына көшiру, соның iшiнде шығыстар: Агенттiк мүлiктерiн Алматы қаласынан Астана қаласына тасымалдау бойынша; қызметкерлердiң жеке мүлiктерiн тасу бойынша; бiр жолғы жәрдемақы (көтерме ақы) төлеу бойынша; қызметкерлер мен оның отбасы мүшелерiнiң жолақысы бойынша; банк қызметiне арналған; Астана қаласындағы әкiмшiлiк үйге деректер берудiң жергілiктi-есептеу желiсiн және желiнiң орталық торабын қондыруға және монтаждауға арналған." деген абзац алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Кезекшi автокөлiктiң бiр бiрлiгін жалдау";

реттiк нөмiрi 7-жолда:

"есептеу техникасын сатып алуға:

дербес компьютерлер - 100 дана;

жергiлiктi принтер - 225 дана" деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"есептеу техникасын сатып алу:

дербес компьютер - 220 дана;

жергiлiктi принтер - 286 дана.";

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"жергiлiктi-есептеу желiсін орнату".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку