Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 1062 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қазандағы № 1062 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

II "Шығындар" бөлiмiнде:

233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" әкiмшісi бойынша:

001 "Индустрия және сауда саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында:

001 "Орталық органның аппараты" кiшi бағдарламасындағы "1272105" деген сандар "1284105" деген сандармен ауыстырылсын;

017 "Ақпараттық жүйелердің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасындағы "71418" деген сандар "68418" деген сандармен ауыстырылсын;

101 "Қазақстанның Дүниежүзілiк сауда ұйымына кiруi" кiшi бағдарламасындағы "55978" деген сандар "46978" деген сандармен ауыстырылсын;

2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға 316-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:

реттік нөмiрi 2-жолдың 5-бағанының тоғызыншы абзацының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"4) Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асырудың қорытындыларына арналған іс-шаралар кешенiн жүргiзу.";

реттiк нөмiрi 6-жолдың 5-бағанындағы "137" және "5" деген сандар тиiсiнше "183" және "12" деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку