Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қазандағы № 1056 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қазандағы № 1056 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

II "Шығындар" бөлiмінде:

05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:

09 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" iшкi функциясында:

226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" әкiмшiсi бойынша:

001 "Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасында:

002 "Аумақтық органдардың аппараттары" кiшi бағдарламасында "662393" деген сандар "668028" деген сандармен ауыстырылсын;

008 "Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделi жөндеу" кiшi бағдарламасында "57479" деген сандар "51844" деген сандармен ауыстырылсын;

2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысында:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бойынша: көрсетiлген қаулыға 261-қосымшада:

6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:

реттiк нөмiрi 3-жол ", соның iшiнде олар орналасқан ғимараттар мен үй-жайларға ағымдағы жөндеу жүргiзу." деген сөздермен толықтырылсын;

реттiк нөмiрi 5-жолда "және мемлекеттік шекарадан өту орындарындағы санитарлық-карантиндiк пункттердiң" деген сөздер алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку