Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 қазандағы № 1019 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 11 қазандағы № 1019 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 31 тамыздағы № 917 қаулысында:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында:

2005-2007 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсіндегі басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде (5-бөлiм):

"2005-2007 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi" деген кестеде:

"Қазақстан Республикасының кеден қызметiн дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған салалық бағдарламасы" деген бөлiмде:

реттік нөмiрi 102-жолда:

5-бағандағы "4342673" деген сандар "4111627" деген сандармен ауыстырылсын;

7-бағандағы "1265546" деген сандар "1320896" деген сандармен ауыстырылсын;

8-бағандағы "1869489" деген сандар "1583363" деген сандармен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 103-жолда:

7-бағандағы "669849" деген сандар "1118539" деген сандармен ауыстырылсын;

8-бағандағы "862050" деген сандар "413360" деген сандармен ауыстырылсын;

peттік нөмiрi 104-жол алынып тасталсын;

"Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ" деген жолда:

7-бағандағы "2680276" деген сандар "2687835" деген сандармен ауыстырылсын;

8-бағандағы "2731539" деген сандар "1996723" деген сандармен ауыстырылсын;

"Бағдарламалардан тыс" деген бөлімде:

реттiк нөмiрi 192-жолда:

5-бағандағы "137680" деген сандар "130121" деген сандармен ауыстырылсын;

7-бағандағы "52118" деген сандар "44559" деген сандармен ауыстырылсын;

"Бағдарламалардан тыс ЖИЫНЫ" деген жолда:

7-бағандағы "50812570" деген сандар "50805011" деген сандармен ауыстырылсын;

"БАРЛЫҒЫ" деген жолда:

8-бағандағы "195116881" деген сандар "194382065" деген сандармен ауыстырылсын;

2) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:

01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету оның iшiнде инвестициялық жобаларға" функционалдық тобында:

217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" әкімшісі бойынша:

026 "Кедендiк бақылау және кедендiк инфрақұрылымы объектiлерiн салу" бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:

"026   Кедендiк бақылау және кеден инфрақұрылымы

объектiлерiн салу                                    2732394

оның iшiнде инвестициялық жобаларға:

Шекаралас кеден бекеттерiн, бiрыңғай бақылау-өткізу

пункттерін, кеден инфрақұрылымы объектiлерiн дамыту

және салу                                            1320896

Темір жол өткізу пункттерiнде бiрыңғай

бақылау-өткізу пункттерiн салу                       1118539

"Достық" кеденiнiң кеден қызметi қызметкерлерi

үшін тұрғын үй салу                                   248400

"Ақтөбе - Кедендiк ресiмдеу орталығы" кеден

бекетiн салу                                          44559";

3) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысында:

көрсетiлген қаулыға 184-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:

4-тармақ алынып тасталсын;

5-тармақтағы "Шығыс Қазақстан облысының "Жескент" деген сөздер "Оңтүстiк Қазақстан облысының "Қапланбек" деген сөздермен ауыстырылсын;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"7. Атырау облысындағы "Ганюшкино" темір жол өткізу пунктінде "Ақкөл" кеден бекетiн салу (мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 6 шiлдедегi № 08-113/2005 қорытындысы);";

мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

"9. Павлодар облысы Железi ауданының "Өрлiтөбе" кеден бекетiн электрмен жабдықтау (жобалау-сметалық құжаттама бойынша мемлекеттік сараптаманың 2005 жылғы 29 шiлдедегi № 16-307/05 қорытындысы).";

"Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер" деген 7-тармақта:

"5" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын;

"Шығыс Қазақстан облысының "Жескент" деген сөздер алынып тасталсын;

"Достық" кеденi" деген сөздерден кейiн ", Атырау облысындағы "Ганюшкино" темір жол өткізу пунктiнде "Ақкөл" кеден бекетiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;

", Алматы қаласындағы оқу-әдiстемелiк орталығын" деген сөздер алынып тасталсын;

"23,7" деген сандар "72" деген сандармен ауыстырылсын;

"30,87" деген сандар "66" деген сандармен ауыстырылсын;

"Маңғыстау облысындағы "Бейнеу" халықаралық темір жол" деген сөздер "Оңтүстік Қазақстан облысының "Қапланбек" бiрыңғай бақылау-өткізу пунктiн (сметалық құнының 66%) салу" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку