Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 938 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1289 және 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 938 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1289 қаулысында:

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

ІІ "Шығындар" бөлімінде:

01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" функционалдық тобында:

01 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар" ішкі функциясында:

104 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" әкімшісі бойынша:

001 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша:

009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" кіші бағдарламасындағы "371495" деген сандар "382287" деген сандармен ауыстырылсын;

017 "Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету" кіші бағдарламасындағы "124170" деген сандар "113378" деген сандармен ауыстырылсын;

2) "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысында:

104 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" әкімшісі бойынша:

көрсетілген қаулыға 7-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:

"Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда:

реттік нөмірі 3-жолдағы "70" деген сандар "77" деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 4-жолдағы "31", "160", "12" деген сандар тиісінше "32", "170", "13" деген сандармен ауыстырылсын;

"рентгеноскоп-сканер - 1 бірлік" деген сөздер алынып тасталсын;

"конференц-байланыс - 1 жиынтық" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын;

"тележабдық                    - 1 жиынтық;

цифрлық дубликатор             - 1 бірлік;

парақ іріктеуіш машина         - 1 бірлік;

бүгу-брошюралау аппараты       - 1 бірлік;

терможелім машинасы            - 1 бірлік;

жартылай автоматты

қағаз кескіш машина            - 1 бірлік;

пакетті ламинаттауыш           - 1 бірлік;

пластик серіппеге

брошюралау аппараты            - 1 бірлік;

бүгілім салу аппараты          - 1 бірлік;

металл есік                    - 2 бірлік;

жұмсақ жиһаз                   - 1 жиынтық";

соңғы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"Жабдықтарды орналастыру.";

реттік нөмір 5-жолдағы "168", "3", "1646" деген сандар тиісінше "176", "4", "1444" деген сандармен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулыға 8-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:

"Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда:

реттік нөмірі 3-жол "ноутбук - 1 бірлік" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"компьютерлік үстел - 15 бірлік";

көрсетілген қаулыға 9-қосымшада:

"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде:

"Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бағанда:

реттік нөмірі 1-жол "көшіру аппараты - 2 бірлік" деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"құжаттарды жойғыш - 1 бірлік".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку